Бүгін ауа райы қандай болады?
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде күн қатты ысып, ауа температурасы +35…+40°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C болады.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3-8 м/с, екпіні 13 м/с дейін жетеді. Түнде +17…+19°C, күндіз +28…+30°C күтіледі.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +33…+35°C болады.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +28…+30°C болжанған.
Ақтөбеде күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3-8 м/с, екпіні 14 м/с дейін жетеді. Түнде +13…+15°C, күндіз +24…+26°C болады.
Атырауда күн бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел 7-12 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C болады.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с, екпіні 15 м/с дейін жетеді. Түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C сақталады.
Қарағандыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 7-12 м/с, екпіні 15 м/с дейін барады. Түнде +14…+16°C, күндіз +24…+26°C күтіледі.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C болады.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C сақталады.
Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +21…+23°C болады.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C болжанған.
Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін болады. Түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C күтіледі.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр, найзағай болжанған. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C күтіледі.
Семейде күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 5-10 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C болады.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +31…+33°C сақталады.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +32…+34°C болжанған.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +35…+37°C болады.
Оралда күн бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел 7-12 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C сақталады.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C болады.