Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады

0 159

2024-2025 оқу жылындағы үшінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Осыған орай Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың көктемгі каникулға шығатын демалыс кестесін жариялады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Көктемгі каникул кезеңі 2025 жылдың 21-наурызы мен 2025 жылдың 31-наурызын қоса алғанда он бір күнге жалғасады.

Министрліктің хабарлауынша, оқушылардың каникулдағы уақытын тиімді үйлестіру үшін «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалған.

Сондай-ақ 1-4, 5-9 және 10-11 сынып оқушыларына арналған нұсқаулық та әзірленген. Онда әр демалыс күні Наурызнаманың онкүндігі бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:

• театр фестивальдері мен қойылымдары;
• шеберлік сабақтары;
• қауіпсіздік сабақтары;
• мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
• спорттық ойындар;
• қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар бар.

Ведомоство балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар жолдауды да жоспарлап отыр.