Мәжіліс Мемлекеттік сатып алу туралы заңды мақұлдады

0 672

ҚР Парламенті Мәжілісінің бүгінгі жалпы отырысында депутаттар Мемлекеттік сатып алу туралы заңды мақұлдап, Сенатқа жолдады, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Депутат Руслан Қожасбаев заң жобасын екінші оқылымда таныстырып, оған қандай нормалар енгізілгенін нақтылады.

Сондай-ақ депутат EPC-келісімшарттары енгізілетінін атап өтті.

– EPC-келісімшарты – бұл объектіні салу және оны пайдалануға беру бойынша толық аяқталған құрылыстың кешенді жұмыстары. Жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде бір өнім берушінің жауапкершілігі болады. Сонымен қатар офтейк-келісімшарттары болады, — деді Руслан Қожасбаев.

Сонымен қатар оның айтуынша, отандық өндірушілерді қолдау үшін офтейк-келісімшарттарды қолданып, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу ұсынылады.

Жаңа заңға сәйкес, әсіресе, құрылысқа байланысты жұмыстарға қоғамдық мониторинг институты енгізіледі.

Мемлекеттік сатып алу (goszakup.gov.kz) веб-порталына жұмыстарды орындау кестелерін, шарттардың орындалуы бойынша есептерді (оның ішінде фото және бейне жазба) жалпы қолжетімді етіп жариялау ұсынылады. Мониторинг «Қоғамдық бақылау туралы» заңда көзделген тетіктерге сәйкес жүргізіледі.