Метеорит денесіне түскен

0 227

Тұңғыш болған керемет сезім шығар. Колумб Американы ашты, Попов радионы ойлап тапты, Нил Армстронг айға аяқ басты…ал Энн Ход­жеске метеорит соғылды.

30 қараша. 1954 жыл. АҚШ-тың Ала­бама штаты Талладега аумағы Сулакога қала­сы. 34 жастағы Энн үйін­дегі диванда ұйық­тап жатыр. Кенет салмағы 3,86 кило бо­латын метеорит бөлігі Ходжес үйінің төбе­сін тесіп өтіп, ұйқыдағы арудың жамба­сына тү­седі. Қуанышқа орай, Энн ауыр жарақат алған жоқ. Тек денесі көгереді. Метеорит қаланың атымен «Сулаког» деп аталды, ал балама атауы «Ходжес» болды.

Алдымен, ережеге сәйкес, нысанды әуе күштері тексеріп, ресми қорытынды жасалды. Сосын Энн үшін күрес басталды. Ол «ғарыштық ойыншыққа» айнала жазады. Артынан адамдар түсіп, өміріне қауіп төнген. Осы тұрғыдан көп қиындық көрген ол, түптің түбі метеоритті Алабама мұражайға табыстап, тыныштық тапты. Ғалам қызық қой.