Мереке күндері ауа райы қандай болады?

0 139

«Қазгидромет» алдағы мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің дерегінше, мереке күндері елдің басым бөлігінде күн райы жауын-шашынды болады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Алдағы екі күнде ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін.

7-9 мамыр аралығында батыс өңірлерде, ал 8-9 мамыр күндері солтүстік өңірлерде нөсер жаууы ықтимал. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы жоғары болып, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ал шығыс өңірлерде 9 мамырдан бастап жаңбыр мен найзағай болады деп болжанған.

Батыста күндіз ауа температурасы +18…+28 градус шамасында, солтүстікте +18…+23 градусқа, орталықта +20…+28 градус, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +28…+33 градус, шығыста +25…+30 градусқа дейін жоғарылайды.