Маусым айынан бастап магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркеу басталады

0 431

Тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2024 жылғы 8 шілдеге дейін жүргізіледі, деп хабарлайды  «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді. Тіркелу кезінде оқуға түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (8 шілдеге дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады. Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат оқуға түсушінің жеке кабинетінде 13 шілдеде қолжетімді болады. Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі.