Кепілді, рентаны, пайдалануды тіркеу

0 42

Кепіл — кепіл шартын жасасу кезінде пайда болатын және негізгі міндеттеменің (мысалы ақша қарызы) орындалуын қамтамасыз ететін ауыртпалық болып табылады.

Қызметтің бастамашысы жеке немесе заңды тұлға немесе олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттары (сенімхаты) бар өкілдер арқылы болуы мүмкін. Мүлікті пайдалану құқығы бұл мүлікке ауыртпалық түсіреді. Мұндай құқықтарға мыналар жатады:

— жалға алу құқығы;

— өтеусіз пайдалану құқығы (несие шарты).

— сервитут (бөтен жер учаскесін және (немесе) жылжымайтын мүліктің басқа да объектісін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы);

— өмір бойы қарауында ұстау құқығы — бұл рента түрі (шарт негізінде туындайтын, рента алушы өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікті рента төлеушінің меншігіне берген кезде, ал соңғысы осы азаматты немесе ол көрсеткен үшінші тұлғаны өмір бойы асырауды жүзеге асыруға міндеттенеді).

Жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығы кемінде бір жыл мерзімге міндетті тіркелуге жатады. Тіркеусіз бұл құқықтар туындаған деп саналмайды.

Тіркеуге тапсырылатын құжаттар тізімі:

— кепіл шарты;

— ерлі-зайыптылардың нотариалды келісімі (немесе неке шарты);

— түбіртек;

— сенімхат.

Ж. АЛМАБАЕВ,

«Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның

Жамбыл облысы бойынша филиалы Жамбыл аудандық тіркеу және жер кадастры

бөлімінің бас маман – тіркеушісі.