КӨПБАЛАЛЫ АНА ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ
Талас аудандық «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ және «Отандастар қоры» КеАҚ фронт-офисіне қандасымыз Несібелі Наримбетова өтінішінде жалдамалы пәтерде тұратындығын және көпбалалы ана екендігін айтып, үй кезегі келгенше уақытша жатақханадан 1-2 бөлмелі пәтерге тұруға көмектесуімізді сұрап келген болатын. Енді осы мәселе жөнінде аудан әкімі Қанатбек Мәдібекке сұраныспен барғанымызда он көзбен қарап, тез уақытта көп балалы ана екендігін ескере отырып, 3-ші ықшам аудандағы жатақханадан 5 бөлмелі пәтер алуға жәрдемдесті.
Қандасымыз Несібелі Наримбетова пәтерге қоныс аударғаннан кейін жағдайын білу үшін барғанымызда, алғысын айтып, аудан әкімдігіне өз ризашылығын білдірді.
«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ РҚБ және «Отандастар қоры» Талас аудандық филиалы аудан осындай жағдайларда қандастарымызға әрқашан қолдау көрсетіп жатқан аудан әкімдігіне алғыс білдіреміз.
Aulieatanews, Талас ауданы.