Интернет алаяқтықпен күрес
Астана қаласы Сарыарқа ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Жақай өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде интернет алаяқтықпен күрес туралы мәлімет берді, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Алаяқтарға ақша аударып қойған болсам, полицияға жүгінудің мәні бар ма?» — деп сұрады интернет қолданушы.
Полиция өкілінің айтуынша, кез келген заңсыздық бойынша полицияға жүгінудің мәні бар.
«Міндетті түрде полицияға жүгіну керек. Ол арыз бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіледі, қылмыстық іс ашылады. Тергеу барысында зардап шегуші мен күдікті арасындағы өзара келісім негізінде келген шығынды өндіріп алуға болады. Ал шығынды өндіріп алу мүмкіндігі болмаса, зардап шегуші азаматтық сотқа жүгінеді. Қалай болғанда да шығын өндіріледі», — деді Жасұлан Жақай.