Халық игілігіне қызмет көрсетуде

0 46

Тұңғыш Президентіміз-Елбасы Н.А.Назарбаев 2015 жылғы «Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасында Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру туралы айтқан болатын. Осылайша 2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы еліміздегі мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері ретінде жұмыс істей бастады.

Бүгінде елімізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміндегі 698 қызметтің 674 түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүргізіледі. Атап айтқанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалының Байзақ аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінде биыл 23454 өтініш қабылданып, 27518 құжат берілді. Тұрғындар арасында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың артықшылықтарын насихаттау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Осындай түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 18421 қызмет көрсетілген.

2020 жылдың қазан айынан бастап QR төлем іске қосылды. Бұл дегеніміз Халық банк, Сбербанк, АТФ банктерінің карталары, Kaspi.kz және Актив абонентін қолданушылар құжат өткізу барысында QR төлеммен төлем жасай алады. Сондай-ақ осы жылы Egov mobail қызметі қолданысқа енді. Тұтынушылар Egov mobail арқылы ұялы телефондарын тіркеп, қажетті анықтамаларына қол жеткізе алады. 2021 жылы бірқатар мемлекеттік қызметтер түрлері оңтайландырылып, халық игілігіне ұсынылды.

С. ЕРМЕКОВА,

ХҚК бойынша Байзақ аудандық бөлімінің басшысы.

Жамбыл облысы.