Халықаралық олимпиадаға жолдама алды

0 12

Қызылордадағы зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы Арайлым Қуандық «IESO 2023» халықаралық олимпиадасының республикалық кезеңінде екінші орын иеленіп, әлемдік додаға жолдама алды.

Геология, геофизика, метеорология, мұхиттану және астроно­миядан күрделі тапсырмалар орындап, білімдерін шыңдаған 100 оқушының арасынан озып шыққан сырбойылық Арайлым осы жыл­дың желтоқсан айында Ита­лияда өтетін халықаралық кезеңде Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғайды.

– География сүйікті пәнім. Пән мұғалімдері Шолпан Зәкірова мен Арай Нұрбаевамен бірге жа­саған үздіксіз дайындықтың нәтижесінде білімімді жетілдіріп келемін. Пәнді тереңдей оқы­ған сайын геологияға деген қы­зы­ғушылығым да артты. Келе­шекте жобалық жұмыстармен айналысып, табиғаттың түрлі эле­мент­терін зерттегім келеді, – дей­ді Арай­лым Қуандық.

IESO – әлемдегі ең беделді олим­пиаданың бірі. 2007 жылдан бас­тап Корея, Испания, Бра­зилия, Жапония, Франция, Ресей елдерінде өткізілген бұл білім бәйгесінде әлем­дегі ең үздік жас геологтер анық­талған.