ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ ОРГАНДАРЫНДА НЕКЕ БҰЗУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

0 14

Талас аудандық сотында, онлайн режимде, Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы Т.Қ.Асқарбекованың, Талас ауданы әкімінің бас инспекторы-кәмелетке  толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Г.Калыкулованың қатысуларымен «АХАЖ органдарында некені бұзу тәртібі» тақырыбында семинарлық сабақ өткізді.

Семинарда  Г.Әлімқұлова  АХАЖ бөлімінде шеші­лу­ге жататын ортақ кәмелетке толмаған балалары болмаған және мүліктік дау орыналмаған жағдайда неке бұзу туралы талап қою арыздарымен азаматтардың әлі де неке бұзу туралы талаптарымен сотқа жүгінулері орын алып отырғанын айтты. Аталған санаттағы арыздармен  АХАЖ бөліміне жүгінгенде,  АХАЖ бөлі­мінің тарапынан неке бұзу туралы  талап  арыз берушілерге Қазақстан Республикасының  «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодесінің  240-бабы­ның талаптарына сай, ерлі-зайыптылар некені бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, олар тіркеуші органға некені бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алатыны туралы түсіндірме жұмысын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы Т.Қ.Асқарбекова өз тарапынан жастары кәмелетке толмаған ортақ балалары болмаған және мүліктік дау орын алмаған жағдайда, неке бұзу тараптардың арызы бойынша АХАЖ бөлімінде бұзылатынын, алайда кейбір жағдайларда неке бұзуға екінші тараптың  келісімі болмаған  жағдайда, тараптарға неке бұзу туралы талаппен сотқа жүгіну қажеттігі туралы жауап қайтарылатындығын атап өтті. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодесінің 240-бабының талаптары некені бұзу туралы арызбен жүгінген тұлғаларға түсіндіріліп, АХАЖ органдарында некені бұзуға заң аясында көзделген іс-шараларды қолданатындығын атап өтті.

Семинарлық сабаққа қатысушылар соттың қарауына жатпайтын, АХАЖ бөлімінде шешілуге жататын  неке бұзу  туралы талаптардың сотқа жолдануына жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізуге, тараптардың  қайта  арыз беру құқықтары туралы түсіндіруде ортақ шешімге келді.

Мадина ТАПАЕВА, Aulieatanews

Талас ауданы.