Елімізде күнбағыс майы қымбаттады

0 42

Елімізде күнбағыс майының бағаса 1,5 есе өсті. Кейбір өңірде баға литріне 732 теңгеге дейін жеткен.

Ал тазартылған май өндірісі бір жылда бірден 54,4 пайызға өскен. Базарлар мен дүкендерде май литріне 637 теңгеден — бір ай бұрынғыға қарағанда 1,9 пайызға қымбат және бір жыл бұрынғыға қарағанда 44,3 пайызға қымбат сатылып жатыр.

Елдегі ірі қалалар арасында күнбағыс майы Атырауда литріне 732 теңге. Жоғары баға Алматы мен Өскеменде де байқалған. Ең арзан май Петропавлда: литріне 562 теңге.

Өңірлік бөліністе тазартылмаған күнбағыс майын шығару негізінен Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарына тиесілі. Тазартылған майды өндіру бойынша Шымкент, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы көш бастайды.