Экс-вице-министр Әбілхайыр Тамабек жаңа қызметке тағайындалды

0 12

Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Әбілхайыр Ғалымұлы 1994 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында туған.

2015 жылы Халықаралық бизнес университетін «бағалау», Польша Республикасы Луис ұлттық университеті Жоғары бизнес мектебін «менеджмент», 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы жеке секторда бастаған.

Ол әр жылдары Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасында, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі адами ресурстарды басқару департаментінің кадр жұмысы басқармасында, Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасында, Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінде түрлі қызмет атқарған.

Ал 2022 жылғы сәуірден осы күнге дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеген.