Екі облыс аумағында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бұндай шұғыл мағлұмат «ҚазАвтоЖол»-дан мәлім болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Бүгінгі сағат 09:40-та ауа райының нашарлауына байланысты «Ақшатау-Ақадыр-Ортау»-«Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» республикалық автожолының 2 облыс аумағындағы 2 учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Қарағанды облысы аумағы бойынша аталған жолдың 0-180 шақырым аралығы (Ақшатау ауылы – Ұлытау облысының шекарасы), ал Ұлытау облысы аумағы бойынша 180-195 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Ақадыр ауылы).
Жолды 11 наурызда, яғни, бүгін сағат 18:00 ашу жоспарланған.