Димаш Құдайберген 30 жылдық мерейтойы қарсаңында сұқбат берді

0 1 404

Танымал әнші Димаш Құдайберген түрік басылымына шағын сұқбат бергенін хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Айта кетсек, сұқбат әншінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

«Ыстамбұлда өтетін 30 жылдық мерейтойлық үлкен жеке концертім қарсаңында түрік теледидары үшін шағын эксклюзивті сұқбат бердім. Толық сұқбатты менің «YouTube» арнамнан көре аласыздар», деп жазды Димаш «Instagram» парақшасында.

Сұқбатта әнші өзінің мансабы қалай басталғанын, түрлі байқауларға қатысып, артынша шетелде, дәлірек айтқанда Қытайдағы «I’m a Singer» жобасында бағын сынағаны туралы айтып берді.