Циркте жабайы аңдарды пайдалануға тыйым салынды

0 245

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстанда жабайы аңдарды цирк қойылымдарында пайдалануға тыйым салатын заң күшіне енеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Бұл тыйым мемлекеттік және жылжымалы цирктерге әсер етеді. Сонымен қатар жеке тұлғаларға жабайы жануарларды торда ұстауға тыйым салынады.

Тиісті тізімге енгізілген жануарларды заңды тұлғалар құрған және экология министрлігінің рұқсаты бар хайуанаттар бағында және арнайы питомниктерде (террариумдар, океанариумдар, серпентарийлер сияқты) ғана ұстауға болады.