Цифрлық даму министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

0 437

Президент Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрін тағайындады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.