Бүгінгі теңге бағамы қандай?

0 4

Ұлттық банк 10 шілдеге арналған ресми валюта бағамдарын жариялады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ұлттық банктің мәліметінше, бүгін доллар – 467,41 теңге, еуро – 548,12 теңге, рубль 6,14 теңге деңгейінде белгіленді.

Қазіргі уақытта Астана қаласындағы айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 464,99 теңге, сату бағамы – 471,93 теңгені құрайды. Еуроны сатып алу бағамы 545,80 теңге болса, сату бағамы – 553,10 теңге болып отыр. Ал рубль 5,74 теңгеден сатып алынып, 6,05 теңгеден сатылып жатыр.

Алматы қаласындағы айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 466,94 теңге болса, сату бағамы – 469,38 теңгеге жеткен. Еуро 546,10 теңгеден сатып алынып, 551,20 теңгеден сатылып жатыр. Рубль 5,79 теңгеден сатып алынып, 5,93 теңгеден саудаланып жатыр.