Бүгін 3 боксшымыз шаршы алаңға шығады

0 60

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокс бәсекесінде бүгін 3 ел спортшысы шаршы алаңға шығады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қазақстан бокс федерациясы «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде 25 наурыз күні бақ сынайтын боксшылардың аты-жөнін жариялады.

Олар:

60 келі салмақ дәрежесінде  Талғат Сырымбетов ширек финалда венгриялық Марк Адоль Балохқа қарсы шығады.

71 келіде отандасымыз Дархан Дүйсебай жарыс қожайыны Наби Искандаровпен қолғап түйістіреді.

86 келіде қазақ-өзбек боксшылары Бекзат Таңатар мен Самандар Джалолов өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирі 23 наурыз күні жалауын көтерді. Бәсекеде әлемнің 100-ден астам спортшысы бақ сынап жатыр.