Бельгия Королі мен Патшайымы асыл тұқымды арғымақтарды тамашалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған белгиялық корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Король мен Патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.