Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 402-ге жетті
Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 16 адам анықталды, — деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында – 7 адам, Атырау облысында — 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Қарағанды облысында — 6 адам тіркелді.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 191 адам, Алматы қаласында – 90 адам, Қарағанды облысында — 21 адам, Ақмола облысында — 19 адам, Атырау облысы — 18 адам, Жамбыл облысында -5 адам,
Шымкент қаласында — 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам, Алматы облысында — 9 адам, Ақтөбе облысында — 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 6 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 25 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, Түркістан облысында — 5 адам анықталды», — делінген хабарламада. Қазақстанда жалпы 402 науқас тіркелді.