«АУЫЛЫМА КІТАП»

0 10

2020 жылы ұлттық қо­ғам­дық сенім ке­ңесінің IV отырысы ба­рысында Мем­лекет  басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев оқу­шы­­­лар ара­сын­­­да оқу сауат­тылы­ғын арттыру және балаларға ар­нал­ған оқу мә­дениетін насихаттау қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты  ҚР Ақпарат және қоғам­дық даму министрлігі Қазақстандағы Отбасы күніне арналған «Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясын өткізуді жоспарлады.

Осы акция аясында   аудандық орта­лық­тандырылған кітапханалар жүйесінің Талап­ты ауылдық №12 филиал кітапханасының кітап­ха­на меңгерушісі Динара Серікбаева   ауыл тұрғын­дарынан 50-ден аса кітапты «Талап­ты» орта мекте­бінің кітапханашысы Асия Белқо­жаеваға тап­сы­рды.  Тамабек ауылдық кітапха­насының меңге­рушісі Г.Тұрғыналиева ауыл тұр­ғын­дарынан жиналған  100  дана кітапты Аман­гелді орта мекте­бінің кітапханасына сыйға тартты.

Сондай-ақ, Көшек батыр ауылдық кітапханасы  Жамбыл орта мектебінің кітапханасына кітаптарды  тарту етті.

Акцияның мақсаты — шалғайдағы елді мекендер­де тұратын жас ұрпаққа оқу мәдениетін насихат­тау және ауыл мектептерінің кітапхана қорын кеңейту арқылы жоғары азаматтық, рухани құндылықтарды қалыптастыру.

Анар ҚАЛЫБЕКОВА, Талас ауданы.