Астанада жүк көлігінің салмағын өлшейтін жүйе орнатылады

0 209

Астанада 23 маусымда Өндіріс тас жолының бір бөлігі жабылып, жүк көлігінің салмағын өлшейтін жүйе орнатылады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ мәліметінше, Солтүстік айналма жолдан толық жабу арқылы Өндіріс тас жолының бойында көлік айрығына дейінгі аралықта жүк көліктерін өлшеудің автоматтандырылған жүйесін орнату жұмыстары жүргізіледі.

«Осыған байланысты, осы жылдың 23 маусымында сағат 06:00-ден 23:50-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады», делінген хабарламада.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.