Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

0 8

Аптап ыстықтан кейін еліміздің солтүстік өңірлері аздап салқындайды. Қазақстан аумағына циклон ығысып, жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің екпінді күшеюі және шаңды дауылдар болжанған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, осыдан кейін көптен күткен салқын ауа райы орнайды. Еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде ауа температурасы қолайлы +23…+28 градус шамасында болады.

Дегенмен, барлық өңірлерде ыстықтың беті қайтпайды. Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарына Өзбекстан аумағынан құрғақ әрі жылы ауа массаларының келуі жалғасады. Соның әсерінен бұл өңірлерде ауа температурасы +33…+38 градусқа дейін сақталып, жекелеген аудандарда өте қатты ыстық +40 градусқа дейін жетеді.