Астанада студенттер екі күнге қашықтықтан оқытуға көшіріледі

0 4

27-28 қарашада Астанада өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына байланысты кейбір студенттер онлайн оқытуға көшіріледі, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаевтың айтуынша, 27-28 қарашада:

  • 4 жоғары оқу орны қашықтықтан оқыту форматына көшеді;
  • 2 жоғары оқу орны сабақты ішінара қашықтықтан өткізеді;
  • 2 ЖОО студенттерді демалысқа жіберді (1-ші триместр);
  • 5 ЖОО дәстүрлі офлайн оқыту форматын қалдырды.

Ол ЖОО өздерінің академиялық саясаттарына сәйкес шешімді дербес қабылдайтынын атап өтті.