Астанада екінші әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталады

0 20

Астанада жаңа әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Министрдің айтуынша, алдағы үш жыл ішінде еліміздің авиациялық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

«Алдағы үш жыл ішінде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Астана әуежайын жаңғырту – бірінші кезектегі міндеттердің бірі. Қазіргі уақытта қала әкімдігі жаңа әуежайдың құрылысына қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құрылыс келесі жылы басталады», деді Нұрлан Сауранбаев.

Сондай-ақ министр еліміздегі авиациялық хабтарды дамыту жұмыстары алты ірі әуежайда шоғырланатынын айтты. Олар Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы әуежайлар болмақ.