Арнайы мемлекеттік жәрдемақы

0 42

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы кімдерге тиесілі? Қазақстанда басқа да әлеуметтік төлемдермен қатар, 20-ға жуық азаматтардың санатына арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бұл жәрдемақы түрі келесі азаматтарға тиесілі:

  • ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар;
  • Қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлері;
  • Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан әскерилердің отбасылары;
  • Қоршауда қалған Ленинград тұрғындары;
  • Кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары;
  • Чернобыль АЭС-дағы және басқа да апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың отбасылары және басқалары.

Жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы және Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеуге болады. Қандай құжаттарды ұсыну қажет?

— белгіленген үлгі бойынша өтініш;

— жеке басын куәландыратын құжат

— банк шоты бойынша мәліметтер;

— жәрдемақыны алу құқығын растайтын құжат.

Н. БЫҚЫБАЕВ,

ХҚК бойынша Тұрар Рысұлов аудандық бөлімінің басшысы.

Жамбыл облысы.