Алматыда жер сілкінді

0 135

Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін, 20 маусым, сағат 16:36 шамасында Алматыда жер сілкінгенін хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

«СБжЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің координаттары: 40,227º N 77,569º шығыс. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстігіндегі Қытай мен Қырғызстан аумағында 335 шақырым жерде орналасқан. Қарқындылық (баллда): Алматы — 2,0 балл», делінген ТЖМ хабарламасында.

Министрлік зардап шеккендер мен қирағандар туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді.