Алматыда өртеніп жатқан үйден 4 адам құтқарылды

0 274

Алматыда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 3 ересек адам мен 1 баланы аман алып шықты, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

16 мамыр, 12:55-те Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар түскен.

Өрт Медеу ауданы Нүсіпбеков көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйдің екінші қабатында тұтанған. Онда 4 шаршы метрді құрайтын жуыну бөлмесінен өрт шыққаны анықталды.

Қызыл жалынның түтіні тұтас үйге тарап, тұрғындардың өміріне қауіп төнген.

Өрт сөндірушілер шақырту түскен мекенжайдан өз бетінше сыртқа шыға алмаған 4 ересек пен 1 баланы құтқарды.

«Құрамында аға инженер Б.Жанұзақ, бөлім командирі И.Арупов, аға өрт сөндіруші-құтқарушы Н.Садыров, өрт сөндіруші Е.Еркінбай, Д.Жусанбаев бар газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі төрт адамды құтқарды, олардың бірі бала. Қимыл-қозғалысы шектелген ер адам зардап шеккен жоқ», деп хабарлады Алматы ТЖД.