Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні

0 182

Қазақстан Президенті 2024 жылдың 17 мамырында 71 жасқа толды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы қағида бойынша бұл күні ешқандай салтанатты іс-шаралар өткізбейді. Бүгін де ерекшелік емес.

«Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл қарапайым жұмыс күні. Ол жұмыста болады. Бұл датаға байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбайды, әкімшілік қызметкерлерінен тағы да құттықтаудан бас тарту сұралды», — деп түсіндірді Президенттің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Берік Уәли.

2020 жылы Берік Уәли Мемлекет басшысы «бұл күнді тойлауды ұнатпайды, өйткені оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күні тойланбаған» деген болатын. Соған қарамастан, әр жыл сайын Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен әр Мемлекет басшылары құттықтап келеді.