Алматыда монша отқа оранды

0 415

Алматыда Бостандық ауданындағы монша кешендерінің бірінде жеке тұрған монша өртенді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Шақырту алған мезеттен бастап құтқарушылар 35 минутта 30 шаршы метрді құраған өртті жойды. Аталған оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

«Төтенше жағдай болған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!»,  деп ескертті ТЖМ.