Алматы тауларында қар көшкіні қаупі күшейіп, блокпостар қойылды

0 109

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы маңында көшкін қаупінің жоғары деңгейін жариялады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Алматы облысында қардың қарқынды еруіне және мол жауын-шашын жаууына байланысты қар көшкіні қаупі бар.

Көшкін қаупі бар аймаққа кіруді шектеу үшін блокбекеттер қойылған.

Блокпостар атап айтқанда, Үлкен Алматы өзенінің бассейніндегі Аюсайда (визит орталығы), Кіші Алматы өзені тұсындағы «Эдельвейсте» және Шымбұлақта қойылған.

ТЖМ алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына тауға шықпау керектігін еске салады.