1 қыркүйектен бастап паспорт алу тәртібі өзгереді

0 5

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген азаматтар паспорт алу үшін Қазақстанның елшілігіне немесе консулдығына жүгіне алады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бұл мүмкіндік шетелде тұрақты тұратындарға, студенттер мен еңбек шартымен жұмыс істейтіндерге, сондай-ақ шетелде туған балалар мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты.

Паспорт цифрлық жүйе жұмыс істеген жағдайда 40 жұмыс күнінде, ал жүйе болмаған кезде 90 күнтізбелік күнге дейін рәсімделеді.

ЖСН-ы жоқ 14 жасқа дейінгі балаларға паспорт алғаш рет рәсімделгенде, алдымен ЖСН алу процедурасы жүргізіледі.

Жаңа тәртіп 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.