Алматы облысында төтенше жағдай жарияланды

0 254

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды, —  деп хабарлады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Aikyn.kz газетіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайды жоюға ТЖД, «Қазселденқорғау», ЖАО, ПД, «ҚазГидроСпас» ЖШС 70-ке жуық адам, 25-ке жуық техникасы жұмылдырылды.

«ҚазГидроСпас» ЖШС күшімен Алматы облысы Бесағаш ауылындағы еңістің жоғары бөлігінде орналасқан тұрғын үйді бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қабылданған шаралармен үй мен контейнердің құлау қаупі жойылды. Кранның көмегімен иілген контейнерді алып тастау және одан әрі тау баурайын нығайта отырып, кірген топырақты тазарту жоспарланған.

Облыс әкімінің төрағалығымен жоспардан тыс отырыс өткізілді және табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі туралы нақты тапсырмалар берілді.