Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

0 9

«Қазгидромет» 27–29 тамыз күнгі ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін.

Еліміздің батысында Скандинавия антициклонының ықпалымен күн ашық болады. Антициклон шығыс бағытқа қарай жылжуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.

Ауа температурасының күндіз айтарлықтай төмендеуі күтіледі. Батыста +16…+24 °C, солтүстікте +12…+20 °C, орталықта +17…+25 °C дейін, ал шығыста ауа температурасы +23…+30 °C дейін жоғарылайды.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы жылы ауа массасының ықпалында қалады. Бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз ауа температурасы +30…+37 °C аралығында болады.