Алдағы күндері күн райы қандай болады

0 369

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Кезекті солтүстік-батыс циклоны шығыс бағытта жылжып, ел аумағына ауысады, сол себептен жауын- шашынды болып, қар жауады. Көктайғақ болып, еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанады.

22 қарашадан бастап Сібір антициклонының әсерінен республиканың батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман мен екпінді жел де күтіледі.

Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды.