Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

0 18

«Қазгидромет» синоптиктері 18-20 наурыз аралығына ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі.

Метеорологтардың айтуынша, Қазақстан аумағына ауысатын Қара теңіз циклоны жақын күндері республиканың барлық өңірлерін қамтиды.

«Бұл бұлтты құйын жаңбыр мен қар, қатты жел, мұз құбылыстары мен тұман әкеледі», — делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, 17 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы антициклонға байланысты жауын-шашынсыз болады. Тек батыста және оңтүстік-батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.