Облыс әкімі жұмысы әлсіз басшыларды сынға алды
Облыс әкімі пилоттық жоба аясында бөлінген қаражатты игеруде жұмысы әлсіз басшыларды сынға алды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартудың пилоттық жобасының жүзеге асыру барысына баса мән беріп отыр. Ол өзінің аудандарға жасаған жұмыс жұмыс сапарларында да аталған жобаның орындалу жайына айрықша көңіл бөліп, пилоттық округтерге міндетті түрде ат басын бұруда.
Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте жан-жақты сараланды. Сондай-ақ, басқосуда аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау шаралары назарға алынды.
Бердібек Сапарбаев аудан әкімдеріне шаруа қожалықтарындағы азық-түлік қорын зерделеуді, оларлдың артық өнімдерін өткеруді тікелей облыс нарықтары немесе тұрақтандыру қоры арқылы жүзеге асыруды тапсырды.