Адам саудасымен күресуге арналған заң әзірленді

0 371

Мәжіліс заңды ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Жақында адам саудасымен күресуге бағытталған заң әзірленді. Мәжіліс заңды ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Мәжілістің ресми телеграм арнасында жарияланды.

Заңда интернет арқылы жыныстық қызмет көрсетуді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік және медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар заң аясында депутаттар вандализм үшін жауапкершілікті қатайтатын нормалар әзірледі.