Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды

0 150

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», делінген хабарламада.