Сенаттың алғашқы төрағасы өмірден өтті

0 149

Бүгін Астана қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті. Қазаны Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Өмірбек Байгелді – 1996 — 1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғашқы төрағасы қызметін атқарды.

Өмірбек Байгелді 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын туған жерінде жұмысшы болып бастаған. 1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Парламент Сенатында 16 жылдан астам еңбек етті.