Алмаған несиенің әлегі

0 81

Бүгінгі таңда алаяқтарға жем боп, алмаған несиесінің әлегіне шырмалып жүргендер көп. Алаяқтар азаматтардың қатысуынсыз-ақ онлайн несие рәсімдей береді. Ол үшін жеке деректерін пайдаланады. Ең сорақысы, зардап шеккендер несиелік қарызының бар екенін коллекторлық агенттіктер мазалай бастаған кезде  немесе мемлекеттен алатын жәрдемақыларынан белгілі мөлшерде қаражат ұсталғанда ғана біледі. Соның бірі жапа шегуші Тараз  қаласының тұрғыны жергілікті полициясына өз атында несие тұрғанын көріп, интернет-алаяқтардың құрбаны болдым деп шағымданды. Арызында ол ешқандай несие алмағанын көрсеткен, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бірнеше ай ішінде әйелдің інісі өзінің телефонына әпкесінің атынан банктің  мобильді қосымшасын орнатып алып, жалпы сомасы 1 782 480 теңге көлемінде үш рет ақшалай несие рәсімдегенін анықтады.

Полиция қызметкерлері алаяқтық  дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу әрекеттері жүргізілуде.