Елімізде 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады
1-сыныпқа баратын балалардың құжаттары 1 сәуірден бастап қабылдана бастайды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.
Құжат қабылдау процесі 31 тамызға дейін созылады.
Ата-аналар gov.kz веб-порталы және және «е-Білімал» жүйесі арқылы өтініш бере алады.
Ол үшін төмендегідей құжаттарды өткізу керек:
- ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың) өтініші;
- баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (баланың денсаулық паспорты № 026/ у-3, № 063/у нысаны бойынша медициналық анықтама);
- 3х4 екі фотосурет