Жәнібек Әлімханұлы Дэвид Бенеавидесті жекпе-жекке шақырды
IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақ спортшысы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кезекті мәлімдемесін жасады деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Vesti.kz сайтының жазуынша, Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен жылдың соңында америкалық Деметриус Андрадені (32-1, 19 КО) жеңген WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпион Дэвид Бенеавидеске (28-0, 24 КО) үндеу тастады.
— Бенавидес, егер сен мықтылармен жұдырықтасқың келсе, төбелесейік! Біздің жекпе-жек жоғары деңгейде өтеді! Мұны сен де, жанкүйерлер де біледі! Егер сен салмақ түсіре алмасаң, мен 168 фунтта жұдырықтасуға дайынмын. Жеңіл жұмыс! — деді Qazaq Style.
Сонымен қатар көптеген бокс жанкүйері Бенавидестің мексикалық Сауль Канело Альвареспен жекпе-жегін көруді армандайды. Бірақ, мексикалық боксшы бұл жекпе-жектен барлық жағынан аулақ жүреді. Осыған байланысты Жәнібектің мәлімдемесінің астындағы астарлы ойды қолдап, «Канелоны» масқаралағандар көп болды.