Олжас Бектенов Астанадағы Ресей Федерациясы елшілігіне барды

0 232

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов Астанада Ресей Федерациясының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының премьер-мМинистрі Олжас Бектенов Астанадағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы телеграмма жолдаған болатын.