Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы келді

0 47

Қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

«ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылып, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген.

Мамандығы — инженер-экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастаған.

2002-2008 жж. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2008-2010 жж. — Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2010-2014 жж. — ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметте болған.

2014-2018 жж. — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.