Онлайн жәрдемақы, үнемдейді уақытты

0 47

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бірқатар мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта оңай алуға болатындай қылып әзірлеу қолға алынған болатын. Соның негізінде еліміздегі екінші деңгейлі банктер мемлекеттік қызметтерді өздерінің қосымшалары арқылы жүзеге асатындай қылып әзірледі.

Алғашқылардың бірі болып Halyk Homebank пен Kaspi.kz банктері мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға кірісіп кетті. Бүгінде барлық жұмысты үйден шықпай-ақ жасауға болады. Енді сіз Halyk Bank пен Kaspi.kz танымал банктік қосымшалар арқылы жаңа туған нәрестеге жәрдемақы алуға өтініш бере аласыз.

Halyk Homebank пен Kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау және бір жасқа толғаннан кейін бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға да болады. Ол үшін:

✅ мемлекеттік қызметтер бөліміне өтіңіз;

✅ дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді растаңыз;

✅ «Баланың тууына жәрдемақыны» таңдаңыз;

✅ өтініш берілетін баланы таңдаңыз;

✅ барлық деректерді тексеріңіз және ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қойыңыз.

Бұрын Азаматтарға арналған үкімет/ Правительство для граждан, Портал Egov.kz арқылы немесе 1414 нөмірі бойынша SMS қызметін пайдалану арқылы өтініш беру мүмкін болатын.

Айта кету керек, бұл қызмет жоғарыда аталған қызметтердің ішіндегі ең танымалдардың бірі болып табылады және халық арасында үлкен сұранысқа ие. 2021 жылы: ХҚО арқылы шамамен 344134, eGov.kz порталы арқылы 144751 және «1414» SMS қызметі арқылы 209351 өтінім берілді.

Е. ЖАППАРОВ,

халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық №2 бөлімінің басшысы.