Жылжымайтын мүлік техпаспортының төлнұсқасын алу

0 46

Егер құжатыңыздың қағаз нұсқасы жоғалып немесе жарамсыз болып қалса, цифрландырудың арқасында қалпына келтіру оңай. Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының төлнұсқасын (дубликатын) екі тәсілмен – Егов порталы арқылы немесе ХҚО арқылы жасауға болады.

Egov.kz порталы арқылы төлнұсқа алуға өтінім беру үшін ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіп, іздеу жолағына «Жылжымайтын мүлік обьектілерінің техникалық паспортының төлнұсқасын беру» қызметін жазыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріп, өтінімді толтырасыз және оған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз. Ары қарай «Төлеу» батырмасын басып, төлем жүргізіңіз.

Жеке кабинетке сұратылған құжаттың дайын екендігі туралы хабарлама келіп түскен соң, сіз оны көрсетілген ХҚО-дан алып кете аласыз.

Қызмет жылжымайтын мүлік обьектісінің ауданына байланысты 1-3 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Н. БЫҚЫБАЕВ,

Т.Рысқұлов  аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы.

Жамбыл облысы.