Арнайы мемлекеттік жәрдемақы
Арнайы мемлекеттік жәрдемақы кімдерге тиесілі? Қазақстанда басқа да әлеуметтік төлемдермен қатар, 20-ға жуық азаматтардың санатына арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бұл жәрдемақы түрі келесі азаматтарға тиесілі:
- ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар;
- Қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлері;
- Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан әскерилердің отбасылары;
- Қоршауда қалған Ленинград тұрғындары;
- Кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары;
- Чернобыль АЭС-дағы және басқа да апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың отбасылары және басқалары.
Жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы және Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеуге болады. Қандай құжаттарды ұсыну қажет?
— белгіленген үлгі бойынша өтініш;
— жеке басын куәландыратын құжат
— банк шоты бойынша мәліметтер;
— жәрдемақыны алу құқығын растайтын құжат.
Н. БЫҚЫБАЕВ,
ХҚК бойынша Тұрар Рысұлов аудандық бөлімінің басшысы.
Жамбыл облысы.